Тайынша ауданының денсаулық сақтау саласына 10 білікті маман жетіспейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл «Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Тайынша ауданындағы аурухананың стационар бөлімінің ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Бұл мақсатқа 531 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Республикалық жобаны жүзеге асыруға бағытталған қаражатқа аудандық аурухананың жүк және адам тасымалдауға арналған лифтілері де жөнге келтірілуде. Жөндеу жұмыстарына 33,5 млн. теңге қарастырылды. Бұдан бөлек, келер жылы Қарағаш ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басталады.

– Тайынша ауданында 5 дәрігерлік амбулаторий, 4 фельдшерлік-акушерлік және 54 медициналық пункт жұмыс істеуде. Оларда барлығы 53 дәрігер мен 262 денсаулық сақтау саласы қызметкері бар. Биыл ауданымызға тағы 7 дәрігер келді. Десе де кадр тапшылығы мәселесі өзегін жоймай отыр. Бізге әлі де 10 дәрігер жетіспейді. Анестиозилог-реаниматолог, екі акушер-гинеколог, екі педиатр, травмотолог, онколог, оторинголог, хирург және транфузиолог мамандар қажет, — дейді Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz