Тәуелсіздік күнінде үздік ауылдық мәдениет мекемесі анықталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мағжан жыры – мәңгілік» деген атаумен  байқау өтуде. Сайыстың  аудандық кезеңдерінде ұйымдастырушыларға үздік ауылдық мәдениет мекемесін анықтау міндеті жүктелген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есіл ауданында өткен байқауға  ауылдық округтердің Мәдениет үйлері мен клубтары  қатысты. Барлығы 15 ауылдық округтен келгендер өз өнерлерін ортаға салып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты театрландырылған қойылымдар көрсетіп,  ән мен биден шашу шашты. Аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Жеңіс Кемеловтің айтуынша,  бұл байқау халық шығармашылығын дамытуды, ауылдардағы өнер ұжымдарының санын көбейтуді көздейді.

– Байқаудың ақтық кезеңіне алты ұжым қатысты. Олардың өнерлерін облыс орталығынан келген қазылар алқасы бағалады. Жүзден жүйрік деп танылған Бұлақ ауылдық  округіндегі мәдениет ошағына 1 млн. теңгенің сертификаты табысталды, — деді Жеңіс Кемелов.

«Мағжан жыры — мәңгілік» облыстық байқауы аясында қазылар алқасы мүшелері барлық аудандарды аралап шықпақ. Оның қорытындысы бойынша өңірдің үздік мәдениет мекемесі анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz