СҚО кәсіпкерлері экологиялық таза брикеттерді жасау үшін БҰҰ-ның «Даму» бағдарламасының грантына ие болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елімізде БҰҰ «Даму» бағдарламасының қолдауымен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, Солтүстік Қазақстан облысынан екі кәсіпорын биомассадан брикеттер жасап шығару үшін грант алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл бастаманы БҰҰ «Даму» бағдарламасы көмегімен көмірді қолдануды азайтып, баламалы отын түрлерін пайдалануды қолға алу мақсатында жүзеге асырмақ.

Арнайы грантқа облыстың екі кәсіпорны ие болды. Олар – «Asia Wood’s» ЖШС және «Жақыпов» ШҚ. Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы мен ағаш өңдеу қалдықтарын пайдалана отырып, отын брикеттерін шығаруды жоспарлап отыр. Өндірістік желілер іске қосылғаннан кейін кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына отын брикеттерін тегін таратуды көздеп отыр. БҰҰ «Даму» бағдарламасының гранттары қажетті жабдықты сатып алу және орнату шығындарын өтеуге бағытталмақ.

Қазақстанда жыл сайын коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге шамамен 11,3 миллион тонна көмір пайдаланылады. Қатты отынды пайдаланғанда ауыр металдар мен парниктік газдар шығарылады. Отын брикеттеріне ауысу бұл шығарындарды едәуір азайтуға мүмкіндік бермек.

– Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында ауыл шаруашылығы саласы мен ағаш өңдеу қалдықтары жеткілікті. Қазақстанда отын брикеттерін жасап шығарудың әлеуметтік және экологиялық тиімділігін атап өту қажет. Қазақстанда биоотын өндіруге барлық мүмкіндіктер бар, – дейді ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры Еркен Наурызбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz