Петропавлдық тәртіп сақшылары «Toyota» автокөлігін және оның 33 жасар жүргізушісін анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Теміртұлпарды тізгіндеген азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 61-бабы 2-бөлігі (Тұлға әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм) бойынша іс жүргізіліп жатыр.
— Жыл басынан іздестіру тобымен түрлі жол оқиғаларына себепші болған және ЖКО орындарын тастап кетпеу туралы талаптарды бұзған 80 жүргізуші анықталды. Бұл оқиғалардың ішінде 1-денсаулыққа жеңіл зақым келтірілген, 1-денсаулыққа ауыр зақым келтірілген, 1-адам өліміне әкеп соқтырған, – дейді СҚО ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.