СҚО-да шағын және орта бизнеске қолдау бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында шағын және орта бизнеске 12,5 млрд. теңге бөлінді. Қарастырылған қаражаттың 10,6 млрд. теңгесі кәсіпкерлерге субсидия түрінде берілсе, 820,2 млн-ы кепілдік ретінде қарастырылып, 37 млн. теңге грант болып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Азат Омаровтың айтуынша, жыл басынан бері субсидиялау тетігі бойынша қаржылық қолдау алу мақсатында жүгінген 240 кәсіпкердің өтініші мақұлданып, оларға 14 млрд. теңге берілді. Ал кепілдік беру механизмі негізінде 176 бизнес субъектіге 4,9 млрд. теңге кепілдендірілді. Сондай-ақ 34,2 млн. теңге көлемінде 7 грант өз иелерін тапты.

– Биыл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облысқа республикалық бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлінді. Жалпы 2019 жылдан бері 202 жоба мақұлданып, оларға 99,5 млрд. теңге қарастырылды. Бүгіндері кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 12 жобаны қаржыландыруға 1,7 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде осы жылы облыстағы аудандардың бірінде «Семейный» сауда кешенінің орталығы ашылды. 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның құны 700 млн. теңгені құрады, — дейді Азат Омаров.

Азат Омаровтың сөзінше, «Жастарға арналған несие» бағдарламасы шеңберінде биыл 20 жоба мақұлданып, бұл мақсатқа жас кәсіпкерлерге малды, бизнеске қажетті техниканы сатып алуға және сауда орындарын ашуға 91,2 млн. теңге бөлінді.

– Аграрлық несиелік корпорациямен 22 жоба қаржыландырылды. Несие ретінде кәсіпкерлерге 203,3 млн. теңге берілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы да облыста жүзеге асып келеді. Тың жобаның арқасында 14 жобаны жүзеге асыруға 139,5 млн. теңге қарастырылды. Қосымша тағы 5-уі арнайы комиссияның қарауында жатыр, — дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz