Петропавлда баланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Петропавлда Васильев көшесі бойында белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған төртінші сынып оқушысын көлік қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан жасырынған. Балаға медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавлдық тәртіп сақшылары «Toyota» автокөлігін және оның 33 жасар жүргізушісін анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Теміртұлпарды тізгіндеген  азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 61-бабы 2-бөлігі (Тұлға әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм) бойынша іс жүргізіліп жатыр.

— Жыл басынан іздестіру тобымен түрлі жол оқиғаларына себепші болған және ЖКО орындарын тастап кетпеу туралы талаптарды бұзған 80 жүргізуші анықталды. Бұл оқиғалардың ішінде 1-денсаулыққа жеңіл зақым келтірілген, 1-денсаулыққа ауыр зақым келтірілген, 1-адам өліміне әкеп соқтырған, – дейді СҚО ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz