Тайынша ауданында әлі де сапалы ауызсуға қол жеткізбей жүрген ауыл тұрғындары бар. Мұны аудан әкімі Берік Әлжанов алға тартып, бұл мәселе келер жылы шешілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тайынша ауданы әкімінің сөзінше, тұрғындарды сапалы сумен қамту мақсатында 7 жоба жүзеге асырылмақ. Осы мақсатқа 4,2 млрд. теңге бағытталмақ. Су тарату желілері құрылысы аяқталысымен Чкалово, Петровка, Ильичевка, Мироновка ауылдарында тұратын 6589 азамат тіршілік нәріне қосыла алады.
– Бұл ауылдарда су бар. Дей тұрғанмен әзірге олар мұнаралардан тіршілік нәрін тасумен әлек. Жаңа желілердің салынуымен әр отбасы өз баспанасына дейін суды тарта алады. Қаладағыдай өмір сүруге мүмкіндіктері болады, — дейді Берік Әлжанов.