СҚО-да 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық мәслихат депутаттарының кезекті 8-ші сессиясында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов халық қалаулыларының алдында есеп берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиында СҚО әкімі биылғы жылдың 10 айы ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, өңірдің алдағы даму жоспарын таныстырды. Алдымен Ғауез Торсанұлы ауыл шаруашылығы саласындағы нақты көрсеткіштерге тоқталды. Сондай-ақ облыстық бюджетті орындау жайы қозғалды.

photo 5402400329984757655 yphoto 5402400329984757656 y

– Биыл облыс бюджеті 420 млрд. теңгеден 499 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда кіріс көлемі өсіп, 27,6 пайызды құрады. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік нысандарды тұрғызуға, жолдарды жөндеуге, инфрақұрылым желілерін тартуға және халықты сумен қамтамасыз етуге бағытталды. Салық түсімдерінің көлемі 2,4 млрд. теңгеге дейін жетті, – деді СҚО әкімі.

Облыс әкімі 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 775 млрд. теңгеге жеткенін айтып, өңір диқандарының қамбасына 3,7 млн. тонна астық түскені белгілі болды.

– Дәнді дақылдардың орташа гектар берекелігі 11,1 центнер, майлы дақылдардың гектар берекелігі 6,7 центрнерден айналды. Әрине, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмен. Дей тұрғанмен өңір диқандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан науқанды уақтылы аяқтады, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыстық мәслихат депутаттарының сессиясында мал шаруашылығы туралы да айтылды. Белгілі болғандай, ет өндірісі 2, сүт өндірісі 3,4 пайызға өсіп, 589 млн. жұмыртқа өндірілді.

– Облыста жылына 647,8 мың тонна сүт өндіріледі, бұл республикалық көлемнің 10 пайызын құрайды. Мемлекет басшысы халықты қолжетімді және сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуді басты басымдық ретінде белгіледі. Сондықтан біздің басты міндетіміз – еңбек өнімділігін ұлғайту және ауыл шаруашылығын жаңғырту. Бұған инвестиция тарту арқылы қол жеткіземіз, – деп баяндамасында атап өтті СҚО әкімі.

Сондай-ақ облыс әкімі Президенттің ет, сүт және астықты терең өңдеу, жылыжайларды салу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде инвестиция көлемі 80 млрд. теңгеден асатын 27 жоба іске асырылатын айтты.

– «EMC-Агро» шошқа кешенін 200 мың басқа дейін кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Кешенде ет өндіру көлемі 10,5 мыңнан 20 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Инвестиция сомасы – 20 млрд. теңге, 180 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар облыста астықты терең өңдейтін «Биооперейшн» зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорын глютен, бидай крахмалын, биоэтанол өндіреді. Шикізатты қайта өңдеу қуаты – жылына 237 мың тонна, инвестиция сомасы – 14 млрд.теңгені құрайды.
Біздің өңір дайын сүт өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Өңірде «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген несие беріліп, үлкен жобалар жүзеге асуда. Мемлекеттік қолдаудың осы құралын Президент биылғы Жолдауында атап өтті. Бүгінгі таңда қанатқақты жобаны республика бойынша жүзеге асыру қолға алынды. Қазір облыс бойынша 12 мың басқа арналған 13 сүт фермасы салынуда. Оның алтауы жыл соңына дейін ашылады, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz