Оқушылар сарайында «Жас жұлдыз» облыстық байқауы өтті. Оған өңіріміздің түкпір-түкпірінен 1500-ге жас дарынды бала қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мектеп жасындағы балалар «Театр шеберлігі», «Вокал», «Аспаптық орындау» және «Хореография» аталымдары бойынша бақтарын сынады. Байқаудың ең танымал бөліктерінің бірі «Аспаптық орындау» аталымы болды.
Қазылар алқасы қатысушыларды эмоционалды орындау, көркемдік, нөмірдің композициялық құрылысы, сахналық мәдениет, музыкалық аспапты меңгеру деңгейі, дыбыс шығару сапасы сынды белгілі бір талаптар бойынша бағалады.
Конкурсқа қатысушылардың өнері жоғары бағаланды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл байқау қатысушыларға өздерінің таланттары мен шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді.