СҚО-ның ауылдары уақытша электр қуатын Ресейден алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сессиясында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов боранның салдарынан жарықсыз қалған ауылдардың жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, қарашаның 18-і мен 22-сі күндері аралығында қар аралас жаңбыр мен қатты желдің салдарынан өңірдің 183 ауылы электр қуатынсыз қалды. Бұл апаттық мәселені шешу арнайы штаб құрылды.

– Жұмыс тобы облыстағы барлық әлеуметтік маңыздағы нысандарды назарға алып, жарықсыз қалған объектілер қосымша электр қуатын беретін генераторларға қосылды. Аса қауіпті жағдай Мағжан Жұмабаев ауданында болды. Осы аймақта барлық тұрғын үйлер мен ғимараттар электр қуатынсыз қалды. Жылу және жарықты уақытша көрші Ресейдің облысынан тарттық. Қалған ауылдарымыз «Көкшетау – Энерго» кәсіпорнынан берілген электр энергиясымен қамтылды. Қазіргі күні көкшетаулық компания Айыртау, Тайынша, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардың 10 елді мекенінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұған қоса, «Севказэнерго» АҚ-ның 46 жұмыс бригадасы 30 ауылдағы жөндеу жұмысына білек сыбана кірісіп кетті. Әлі 40 ауыл электр энергиясын толыққанды пайдалана алмай отыр, – дейді СҚО әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz