СҚО-да соңғы үш жылдың ішінде 160-тан астам ауыл интернетке қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, елді мекендерге интернет жоспарға сәйкес тартылып жатыр. Мәселен, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2024-2027 жыл аралығында талшықты-опитикалық байланыс желісіне 304 ауылды қосу жоспарланып отыр.
– Ауылдық мектептер 100 пайыз интернетпен қамтылған. Бүгіндері байланыс операторларымен бірлесе жылдамдықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта 170 мектеп «Старлинк» спутниктік желісі арқылы қосылады, — дейді облыс әкімі.