Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында солтүстікқазақстандық «Құлагер» клубы сырт мұз айдынында өзбекстандық «Хумо» командасымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өзбекстанда өткен екі ойында да жерлестеріміз қарсыластарына есе жіберді. Бірінші кездесу 3:1 есебімен аяқталса, қарымта матчта 3:2 нәтижесі тіркелді.
Бірінші ойынға келер болсақ, турнир кестесінде бірінші орында келе жатқан өзбекстандық команда жерлестерімізге шайба салуға мүмкіндік бермеуге тырысты. Осылайша құлагерліктер тек бір нәтижелі соққы жасай алды. Ал қарымта кездесуде «Құлагер» клубының ойыншылары бірінші болып, екі шайбаны қарсылас қақпасына дарытты. Кейін мұз айдынының иелері есепті теңестіріп, соңғы үшінші кезеңде матч тағыдырын шешті.