Келер жылы Тайынша ауданындағы Драгомировка ауылында 120 оқушыға шақталған мектептің құрылысы басталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімдігінің мәліметінше, облыстың аудан орталықтарында орта білім беру ошақтарының құрылысы жүргізіледі. Осылайша 2024 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығында 600, Аққайың ауданындағы Смирново елдімекенінде 300 балаға арналған мектеп салынатын болады.
– Алдағы үш жылдың ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2700 орынға шақталған 4 мектеп тұрғызылады. Петропавлда балаларды мектепке дейінгі білім беру ошақтарымен қамту мақсатында 2 балабақша салу жоспарда бар, — дейді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.