Облыстағы көктайғақ салдарынан құлап жарақат алғандар қатары артты. Бір күннің ішінде Петропавлдағы травматология орталығына 400-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алып дәрігерлердің жүгінгендердің басым бөлігі – егде жастағы қала тұрғындары.
– Бір күнде 400-ге жуық адам жарақат алса, оның 99-ы көшеде тайып құлап, аяқ-қолын сындырғандар. 26-сы ауруханаға жатқызылды, — дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы мамандары.