Қазақстан бидай тұқымын шетелден тасымалдауды азайтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бидайдың отандық сұрыптарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Сенатта аграрлық ғылымды дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрге бидайдың жаңа сұрыптарын өндіру мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

— Бидай бойынша тұқыммен өзімізді 60 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Ал 40 пайызын шетелден жеткізіп жатырмыз. Бұл тұрғыда осы көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарын белгіледік, — деді Айдарбек Сапаров.

Бұл тұрғыда ол елімізде біраз жаңа бидай сұрыптарын өндіру керек екенін айтты.

— Былтыр 40 сорт шығырылып, соның 20-сы ғана сынақтан өткен. Ал қалған 20-сы бірінші деңгейдегі сынақпен қамтылды. Ары қарай шарушылықтарға жеткізгеннен кейін оның өнімділігін көреміз. Өнімі жақсы болса, сұраныс көбейсе, жаңа сұрыптарды ары қарай өндіре бастаймыз, — деді министр.

дарб

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz