Дәстүрлі әншілер байқауы қорытындыланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сал-серілердің падишасы, Арқа ән мектебінің ірі өкілі Ақан серінің 180 жылдығына  арналып өткізілген республикалық дәстүрлі әншілер байқауы қорытындыланды.  Бас жүлде елордалық өнерпазға бұйырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Ақан сері – Қызылжардың ғана емес қазақтың мақтанышы.  Ән падишасының артына қалдырған мол мұрасын насихаттау бәріміздің міндетіміз.   Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы  өте жоғары деңгейде өтті. Оған қатысқан өнерпаздар Ақан серінің әндерін әуелете шырқап, жүректерге жеткізе білді. Біздің көздегеніміз де осы болатын. Ардақты тұлғаның асыл мұралары  әр қазақтың сүйіп тыңдайтын туындысына айналуы керек, — деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  басшысы Ержан Құлымбетов.

Ақан сері Қорамсаұлы атындағы ІІ республикалық дәстүрлі әншілер байқауында  Қабдел Қастер, Мирлан Жамбылов, Мағжан Сатыбалды 3 орын алса, Адай Әзімхан мен Асқар Мұқият 2 орынға ие болды. Олжас Сұрағанов 1 орын иегері  атанды. Бас жүлдені елордалық Дәуренбек Слямғали қанжығасына байлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz