СҚО-да жұмыссыз жүрген жастар қатары азайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері жұмыссыз жүрген жастар саны азайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Finprom.kz» сайтының ақпаратынша, Қазақстанда жастар арасында жұмыссыздар үлесі қысқарды. 2023 жылдың III тоқсанында елде 15-28 жас аралығындағы 68,5 мың жұмыссыз жас болса, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% — ға аз. Әсіресе (17,6% — ға) жас әйелдер арасында жұмыссыздар саны азайды.

Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жастардың жұмысқа орналасу мәселесі шешіліп жатыр. Ал Түркістан облысында жұмыссыз жастардың саны 65,1%-ға төмендеді. Алматыда, Астанада және Алматы облысында жастарды жұмысқа орналастыру қиын.

Жұмыссыз деп саналатын жас қазақстандықтардың көпшілігі (18 мың адам)– бір айдан үш айға дейін жұмыс берушілердің жауабын күтіп отырғандар. 14,9 мың адам алты айдан бері, 14,8 мың адам үш айдан бері жұмыс іздеп жүр. Бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеген жастардың саны бір жылда 24,8%-ға, яғни, 7 мың адамға дейін төмендеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz