СҚО-ға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облысқа жұмыс сапарымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов келді. Елордалық мейман облыс тұрғындарымен халықпен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Евгений Кочетов халық алдында сөз сөйлеп, жастар саясаты мәселесіне тоқталды.

– Республика бойынша жұмыс істемейтін жастар көрсеткіші орташа алғанда 8 пайызды құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында да еңбек етпейтін жастар жетерлік. Бүгінгі таңда ұл-қыздардың 8,5%-ы NEET санатында жатады. Облыста ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге мүмкіндік көп, деді Евгений Кочетов.

Кейін жиналған қауым вице-министрге толғандырған сұрақтарын қойды. Қалалықтарды отбасылық қарым-қатынас мәселесі алаңдатады. Сондықтан олар министрден отбасыларды қолдау орталықтарының тиімділігі жайлы сұрады.

Елімізде мұндай 70 ұйым бар екен. 2025 жылға дейін тағы 75 орталық ашу жоспарда бар. Яғни, алдағы уақытта республикада 145 мекеме болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz