Есіл ауданында көппәтерлі баспана тұрғызылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Келер жылы Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында 27 пәтерге шақталған тұрғын үйдің құрылысы қолға алынбақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров өткен 10 айды қорытындылап, халықты баспанамен қамту мәселесіне тоқталды.

– Соңғы жылдары Есіл ауданында тұрғын үй құрылысының көлемі артты. Бұл салаға бөлінген қаражат 6 млрд. теңгеден асты. Биылдың өзінде 4 мың шаршы метр баспана берілді. Келер жылы Явленка ауылындағы ғимараттың бірі қайта жаңартылып, жатақхана ретінде пайдаланылатын болады. Сондай-ақ 27 пәтерлі үйдің құрылысы жоспарлануда. Қазір жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Ол дайын болған соң баспана тұрғызылады, — дейді Мереке Мұхамедияров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz