Жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста «ақылды» бейнекамералардың көмегімен 83 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері өңірде 28 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді. Олар жылдамдықтың жоғарылауын, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту және тоқтау сызығының бұзылуын автоматты түрде тіркейді.
Аппараттық-бағдарламалық кешендер негізінен жаяу жүргіншілер өткелдерінің, оқу орындарының, стадиондардың және көше жол желісінің ең қауіпті учаскелері мен қозғалысы жанданған көшелердің қиылысында орнатылады. 10 айда тіркелген жол көлік оқиғаларының талдауына сәйкес, 327 апаттың 126-сы зардап шеккендермен болған.

– Қиылыстағы әрбір бұзушылық апат қаупін арттырады. Сондықтан аппараттық-бағдарламалық кешендердің жұмысына үлкен мән беріледі. Бүгінде олардың орнатылған орындарында ауыр зардаптары бар бірде-бір жол көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Жыл басынан бері әкімшілік полицейлер жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп “ақылды” бейнекамералардың көмегімен 83 426 жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты. Атап айтқанда, жылдың басынан бері 29 жастағы Қырғызстан азаматы рұқсат етілген жылдамдыты 44 рет асырғандығы анықталды. Енді оған өрескел бұзушылықтар үшін 2 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге тура келді, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz