«Құлагер» клубы «Ақтөбе» командасына ұтылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы ақтөбелік «Ақтөбе» командасы қарсы ойын өткізіп, жеңілістің ащы дәмін татты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ойынның бірінші кезеңінде бірде-бір команда нәтижелі соққы жасай алмады. Кездесудің екінші бөлімінде есепті «Құлагер» ойыншылары ашты. Шайба авторы — Александр Своеволин. Кейін үшінші кезеңде жерлестеріміз қимылдарына қарқын қосып, тағы бір соққыны «Ақтөбе» клубының қақпасына дарытты. Осы жолы Булат Хамматов көзге түсті.

Матч бойы қонақтар есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Нәтижесінде ақтөбеліктер дегендеріне жетті. Алдымен Иван Кучин шайба соқса, одан соң Вадим Митряков таразы басын теңестірді.  Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталды.

Булиттер сериясында «Ақтөбе» клубының айы оңынан туып, жеңіс ақтөбелік хоккейшілерге бұйырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz