СҚО тумасы Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Серік Жарасбаев Туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған. Мамандануы — дене шынықтыру және спорт, мемлекеттік және жергілікті басқару, спорттық әкімшілендіру.

Еңбек өтілі:

  • 2006-2007 жылдары Петропавлдағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы болып жұмыс істеді.
  • 2007-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, оқу-спорт бөлімінің басшысы.
  • 2011-2012 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технологиялар және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы; СҚО Туризм, дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2012-2014 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
  • 2014-2018 жылдары ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болды.
  • 2018-2019 жылдары ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
  • 2019-2021 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанга федерациясы» РҚБ бірінші вице-президенті.
  • 2021-2023 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.
  • 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директоры.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz