Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогы – 2023» атты республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қарашаның 21-і мен 24-і күндері аралығында Щучинск қаласының «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында республикалық байқау қорытындыланды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында өткен сынға еліміздің барлық өңірлерінен педагогтер жиналды. Облыс намысын №3 Бескөл орта мектебінің ұстазы Арман Ахметов қорғады. Нәтижесінде жерлесіміз «Үздік дене шынықтыру сабағы» аталымында жеңімпаз атанды. Оған ақшалай сертификат пен диплом берілді.