2024 жылы Уәлиханов ауданында жаңа емхана қолданысқа беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөлде 250 орындық емхана салынып жатыр. Бүгіндері құрылыс жұмыстарының 25 пайызы орындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кішкенекөлдегі емхананың құрылысына 3,3 млрд. теңге бөлінді. Емдеу мекемесі келер жылдың шілде айында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев мәлім етті. Оның сөзінше, биыл ауданның денсаулық сақтау саласы 16 білікті маманмен толықты.

– Ауданда денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы мәселесін жою мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Биыл ауруханамыз кардиолог, лор, хирург, офтальмолог, акушер және жалпы тәжірибедегі дәрігермен толықты. Сондай-ақ Кішкенекөлде 16 пәтерге шақталған «Дәрігер үйі» жобасы жүзеге асырылды. Жақын арада бұл баспанаға мамандар қоныстанады, — дейді Қайрат Пішенбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz