«Жас өркенде» жаңа емхана іске қосылып, бірнеше әлеуметтік мәселе шешілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Жас өркен» шағынауданында жаңадан салынған емхананың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылы «Жас өркен» шағынауданында №1-ші қалалық емхананың жаңа филиалы ашылды. Емхананың халық игілігіне тапсырылуы ұзын-сонар кезек мәселесін шешті. Бүгінде денсаулық сақтау мекемесі бір ауысымда 250 адамды қабылдай алады.

Жаңа медициналық мекеме 35 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді. Емхананың стационар бөлімшесі 15 терапиялық жатын орыннан тұрады. Тұрғындар үшін рентген, флюорография, эндоскопиялық кабинет, функционалды диагностика, жеке зертхана кабинеттері қарастырылған.

Мекеме жұмысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода танысып, өз бағасын берді.

– «Жас Өркен» шағынауданына емхана қажет еді. Бұл мекемеде 70-ке жуық қызметкер тартылып, тұрақты жұмыспен қамтылды. Әрине көпқабатты үйлер тұрғызылып жатқан жерде әлеуметтік нысандардың болуы маңызды. Қазірдің өзінде мұнда Оқушылар сарайы, заманауи спорт кешені, жаңа театр бар, –деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркебұлан Мәмбетов.

Қазір мекеме басшылығы мамандарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Барлық медициналық жоғары оқу орындарын аралап жаңа мамандарды іздеп жатыр. Негізінен емханаға жалпы тәжірибелік дәрігерлер қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz