Телеграм-ботқа есірткі қылмысы жайлы 25 хабарлама түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс аумағында  биылғы жылдың он бір  айында 50-ге жуық адам есірткі сатты деген күдікпен ұсталған, оның жартысынан көбі 25-ке толмаған жастар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мұндай статистиканы облыстық полиция департаменті  бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев «Пилигрим» студенттік театры сахналаған спектакльді көру үшін М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бірінші оқу ғимаратына  жиналған жастарға айтты. Қойылым облыстық полиция департаменті мен университет арасындағы нашақорлықтың алдын алу жөніндегі бірлескен жоспары шеңберінде жүзеге асырылды. Қойылым аяқталған соң көрермендерге жақын адамның есірткіге тәуелді екенін анықтауға болатын белгілер туралы айтылды. Содан кейін полицейлер мен психологтар жастардың сұрақтарына жауап берді.

Жуырда «Telegram мессенджерінің пайдаланушыларына «t.me/sko_narkohelp_bot» деп аталатын анонимді бот ашылған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осы телеграм-бот арқылы 25 хабарлама алған. Барлық хабарламалар бойынша тексерулер жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz