Желтоқсан айында Қазақстанда дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан – сенбі демалыс күніне келіп отыр. Сондықтан қазақстандықтар қосымша демалыс күні ретінде дүйсенбіде демалмақ.
Осылайша, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне демалыс алады:
Бес күндік жұмыс аптасында: 16, 17, 18 желтоқсан;
Алты күндік жұмыс аптасында: 16 және 17 желтоқсан.
Желтоқсанға барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні келеді.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, оған сәйкес «16 желтоқсандағы Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесі мемлекеттік мерекелердің құрамына ауыстырылды және тек бір күн – 16 желтоқсанда тойлана бастады. Бұрын 17 желтоқсан да мерекелік күн болатын.