СҚО-ға Жамбыл облысынан 52 отбасы қоныс аударды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Еліміздің солтүстік өңірлеріне Жамбыл облысынан 190 отбасы қоныс аударса, оның 52-сі теріскейге көшіп келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың ақпараты бойынша, Жамбыл облысында жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бойынша халыққа қолдау көрсетіледі.

— 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, Жамбыл облысынан жұмыс күші тапшы өңірлерге 190 отбасы немесе 605 адам қоныс аударды. Павлодар облысына 68 отбасы кетті, бұл 207 адам. Қостанай облысына — 54 отбасы немесе 174 адам, СҚО -ға — 52 отбасы немесе 172 адам, ШҚО-ға — 8 отбасы, бұл 24 адам, жаңадан құрылған Ұлытау облысына — екі отбасы немесе 12 адам, ал Абай облысына — 6 отбасы немесе 16 адам көшті. Соңғысы — тұрғындар ең аз қоныс аударған өңір, — деп хабарлады ведомство басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz