Қызылшаны жұқтырғандардың 79 пайызы екпе алмағандар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста қызылшаны жұқтырудың 75 дерегі тіркелсе, оның 68 фактісі Петропавлда анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қызылшаның расталған жағдайларының ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен, Ресейден және Қырғызстаннан жеткізілген 3 факті тіркелді. Шалдыққандардың 49-ы – 15 жастан асқан азаматтар. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 26 жағдай белгілі.

– Қызылшаны жұқтырғандардың 79 пайызы вакцинацияланбаған. Олардың саны 59 жетіп отыр. Әлеуметтік-кәсіптік құрылым бойынша жағдайлардың ең көп дерегі әскери академияның қызметшілерінде тіркелді. Бүгіндері 29 жағдай сараптамадан соң расталды, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында екпені 3540 бала, 86 медицина қызметкері алды.
Вакциналар туралы ақпаратты тұрғындар EGU.kz сайтынан таба алады немесе 7701 сенім телефоны бойынша біле алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz