Талапқа қайшы әрекет

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық прокуратура Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданылуын тексерді. Жергілікті атқарушы органдар азаматтардың  өтініштерін қарау кезінде тиісті Кодекстің талаптарын сақтамайтыны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экономика, жер қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, мәдениет, құрылыс департаментінің қызметкерлері Петропавл қаласы мен Айыртау, Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Тайынша ауданы азаматтарының 58 өтініші бойынша алдын ала тыңдау рәсімін өткізбеген.  Бұл  Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің  73-бабының талаптарына қайшы.

Осының салдарынан  өтініш берушілер мемлекеттік органдардың алдын ала шешімдерінің жобаларына жазбаша қарсылық білдіруде   заңды құқықтарын пайдалана алмаған.  Сонымен қатар  облыс әкімдігінің білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, құрылыс, кәсіпкерлік, жолаушылар көлігі басқармаларының және Қызылжар, Тимирязев, Уәлиханов  аудандары әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері жеке тұлғалардың 29  өтінішіне  талапқа сай жауап бермеген.  Сондай-ақ  облыс әкімдігінің ішкі саясат, жолаушылар көлігі басқармаларының, мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды  тұлғалары азаматтың өтініші  қай тілде түссе, сол тілде жауап беру деген талапты орындамаған. Бұл Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 89-бабының талаптарына қайшы.

Ал жергілікті атқарушы органдардың  жауапты тұлғалары «E-Otinish» ақпараттық жүйесінде  өтініш берушілерге іс жүзінде бас тарту сипатындағы жауаптар берілгеніне қарамастан,  олардың пайдасына 22 актіні қабылдау туралы мәліметтерді негізсіз көрсеткен. Осылайша  тиісті заңнаманы бұзған.

Қадағалау органының актісіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың 22 лауазымды  тұлғасы (оның ішінде облыс әкімдігінің денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшылары) тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жағдайды жақсарту және алдағы уақытта осындай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура облыс әкімдігінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен   Кодекс нормаларын қолдану бойынша семинар-кеңес өткізді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы Кодекстің талаптарын сақтау қадағалау органының бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz