Петропавлда 600 отбасы баспаналы болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Береке» шағынауданында 6 көпқабатты баспана халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алты жалдамалы-коммуналдық көпқабатты үй 600 пәтерге шақталған. Жаңа пәтерлерге әлеуметтік аз қамтылған топтарға жататын отбасылар қоныстанды.

Салтанатты түрде пәтер кілттерін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табыс етіп, қалалықтарды құтты қоныс тойымен құттықтады.

— Жаңа пәтерлердің иелеріне кілттерді табыс етіп, қоныс тоймен құттықтадым. Көпбалалы ана Гүлназ Кенжетаева мен Александра Иоржтың шаңырағында болдым. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент тұрғындарға баспана қолжетімді болуы керек деп атап өтті, — деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін Петропавлда  22 көпқабатты үй тапсырылып, 2 мыңнан аса отбасы жаңа қонысқа ие болады.

photo 5429343514531060159 yphoto 5429343514531060160 y

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz