СҚО-да 27 орман және 3 дала өрті тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста 27 орман өрті тіркелді. Бұл туралы СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың төрағалығымен өткен жиында СҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттінің басшылығы биыл жылды қорытындылап, өңірде тіркелген өрт оқиғаларына тоқталды.

– Облыс аумағында 78 гектардан астам алқапта 27 орман өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға аз болып отыр. Материалдық шығын көлемі 15 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ өңірде 3 дала өрті және астық алқабында 1 төтенше жағдай орын алды, — деді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Аслан Ахметжановтың айтуынша, қызыл жалынды ауыздықтауға еріктілер мен ауылды жерде құрылған өртке қарсы бекеттердің қызметкерлері де жұмылдырылғанын тілге тиек етті. Олардың күшімен 86 өрт сөндірілді.

– Өңірде 318 адамнан тұратын 54 жедел мобильдік топ құрылды, 1400-ден астам рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды. Қызыл жалынның шығуына себепкер болған 189 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. – деді Аслан Ахметжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz