«Air Astana» компаниясына 876 млн. теңге айыппұл салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Air Astana» әуе компаниясына қатысты прокуратурамен бірлескен тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша «Air Astana» әуе компаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде «Air Astana» жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшердежанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды.

Анықтама: отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмады.

«Air Astana» авиакомпаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық/үстем бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған, атап айтқанда төмендегі міндеттерді көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасалды:

— біріншіден, 2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жанармайға қосымша ақы қолдануды алып тастау (ұшу күніне қарамастан 2023 жылғы 6 желтоқсанға дейін жанармайға үстемеақы төленіп сатылған билеттерге қолданылмайды). Мәселен, Астана-Алматы бағытындағы билеттің орташа бағасы ағымдағы бағаның орнына 28 435 теңгеден 24 435 теңге болады (бағаның төмендеуі 14%), Алматы-Ақтау бағытында орташа баға қазіргі 37 568 теңгенің орнына 31 078 теңгені құрайды (бағаның17%-ға төмендеу);

— екіншіден, 2024 жылдың соңына дейін ішкі бағыттар бойынша жолаушыларды авиатасымалдау қызметтерінің бағасын көтеруді шектеу;

— үшіншіден, осы жылы және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін AirAstana орташа және төмен бағамен сатылатын билеттерінің саны 70%-дан (яғни, Y, B, H брондау класының тарифтері бойынша тек 30%) төмен болмауы тиіс.

Сондай-ақ, Агенттік келесі жүйелі шараларға бастамашылық жасайды:

— Агенттіктің бастамасымен Көлік министрлігі «ауа еркіндігінің»5-ші дәрежесіне қолжетімділікті кеңейту мақсатындашетелдік тасымалдаушылардыңотандық авиакомпаниялармен қатар жекелеген әуежайларда маршруттар бойынша ұшуларды жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтетін шаралар қабылдады. Бұл шетелдік авиакомпаниялардың келуін ынталандыруға мүмкіндік береді, бәсекелестікке оң әсер етеді және тұтынушылардың таңдауын арттырады;

— Агенттік жанармай алымын алуды тоқтатуды көздейтін заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz