СҚО-да 2025 жылға дейін апатты мектептер мәселесі шешіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2025 жылы облыста апатты мектептер проблемасы шешіледі. Бұл туралы аталған облыстың әкімі Гауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Бюджеттің үштен бір бөлігі білім беру саласына бағытталған. Биыл қаржыландыру мөлшері өткен жылмен салыстырғанда шамамен 19 пайызға ұлғайды. Материалдық-техникалық база 4,4 млрд теңгеге жаңартылды. Мектептер үшін 55 пәндік кабинет сатып алынып, 29 мектепке автобус берілді. 4,3 млрд теңгеге 48 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Апаттық жағдайда тұрған мектептердің орнына 720 орындық 2 мектеп қолданысқа берілді. Сондай-ақ, Тайынша ауданының Драгомировка елді мекенінде 120 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Осылайша, апатты мектептерді жою мәселесі 2025 жылға қарай шешілетін болады, — деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен «Береке» шағын ауданында 50 орындық интернаты бар 300 орындық түзету мектебінің құрылысы жүргізілуде. Нысан бүгінде 50 пайызға дайын. Оқушыларға орын тапшылығын қысқарту үшін (900 орындық 2 ауылдық мектеп салу да жоспарда бар. 3 жыл ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2700 орындық 4 мектеп салынады.

 — Петропавлда 420 орындық 2 балабақша салу жоспарланған. Бұл балалардың 95 пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымды жақсарту, жалпы білім беру процесіне қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы білім беру деңгейінің сапасын арттыруға әсер етеді, — деді Гауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz