СҚО-да ауыл медицинасын жаңғырту мақсатында 46 емдеу мекемесі тұрғызылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Жыл соңына дейін облыста 5 дәрігерлік амбулаторий, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 1 медициналық орталық салынады. Бүгінде Петропавлда 2 емхананың құрылысы аяқталып, оның біреуі қолданысқа берілді, – дейді Ғауез Нұрмұхамбетов.
СҚО әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылы облыста 38 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы басталады. Сондай-ақ облыс орталығындағы көпсалалы аурухананың құрылысы жанданбақ.