Облыста бір жылда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасы 10 пайызға ға, ақылы қызметтер 14 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюро департаментінің мәліметінше, қараша айының қорытындысы бойынша өңірдегі инфляция 11 пайызды құрады.
Бір жылдың ішінде күріш – 47%, сәбіз – 28%, қызылша – 20%, қырыққабат –19%, жұмыртқа – 18%, макарон – 11%, жемістер – 7% — ға өсті. Ал жарма 2,7% — ға, көкөністер 1,6% – ға, оның ішінде пияз 7,5% — ға арзандады.
Алкогольді және алкогольсіз сусындар 16% қымбаттады. Жеке тауарлардың, киім мен аяқ киімнің, фармацевтикалық өнімдердің, кітаптар мен кеңсе тауарларының бағасы өсті.
Көмір 9% қымбаттады. Орталық жылыту тарифтері 22% — ға өсті.