Электр қуаты тарифінің құны өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақпанның 16-нан бастап өңірде электр қуатының тарифі өзгереді. Жеке тұлғалар үшін оның құны сағатына бір киловатқа 17,14 теңгені құрамақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысовтың айтуынша, «Севказэнергосбыт» ЖШС ведомствомен электр қуатының бөлшек саудадағы бағасын келісті. Орташа есеппен тарифі 21,13 теңгеден 24,57 теңгеге дейін өсті.

Жеке тұлғалар үшін тариф сағатына 14,28 теңгеден 17,14 теңгеге, заңды тұлғалар үшін — 24,23 теңгеден 27,87 теңге, бюджеттік ұйымдар үшін — 30,29 теңгеден 34,73 теңгеге дейін өзгертілді.

— Біз электр энергияны «KEGOC» АҚ, «СК АЭК» АҚ, «РЖД» ААҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Межрегионтранзит» ЖШС-дан сатып аламыз. Олар бағаны өсірді. Жоспарланған және нақты шығыстар арасындағы айырмашылықтың туындауына байланысты «Севказэнергосбыт» ЖШС тарифті көтеруге мәжбүр, — деп түсіндірді Дамир Тоқтамысов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz