Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әсет Жұматаев қызына қызылшаға қарсы екпе салдыртты. Ол бұл қызмет түрін алу үшін №3 қалалық емханаға жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Қызым 6 жаста. ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, балалар қызылшаға қарсы алғашқы вакцинаны 12-15 айында, екіншісін 6 жаста алады. Бүгінгі таңда елімізде қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Жұқпалы дертті алдын алудың басты жолы вакцина деп есептеймін, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.
Облыста халық арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында биыл қарашаның 6-нан бастап, балаларды қызылшаға қарсы қосымша жаппай имундау шарасы өтуде. Желтоқсан айынан 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға қызылшаға қарсы вакцинаци қойылуда.