Дәрігерлер бойжеткенді ажалдан құтқарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандары 15 жастағы қыздың өміріне араша түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО жедел медициналық жәрдем қызметі орталығының мәліметінше, желтоқсанның 4-і күні Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында «103» пультіне сағат 18:51-де қоңырау түскен. Хабарласқан азаматтар 15 жастағы қыздың қан қысымының тұрақсыз екенін айтады. Оқиға орнына Қызылжар аудандық қосалқы станциясының фельдшерлері Айдар Омаров, Павел Кузурман жіберіледі.

– Жедел жәрдем келген кезде қыз ес-түссіз жатқан. Бойжеткеннің жүрегі тоқтап, тыныс алмаған. Дәрігерлер клиникалық өлімді тіркеді. Бірден ACLS стандарты бойынша реанимациялық іс-шаралар басталды, жүрекке жанама массаж жасалып, ол желдеткішке қосылды. Реанимацияның 4-ші циклінде каротид артерияларында импульс пайда болып, науқас демала бастады.
Әжесінің айтуынша, науқас созылмалы ауруы бар диспансерлік есепте тұр. Бір күн бұрын жүрек аймағындағы ауырсынуы байқалған екен. Қыз дереу Қызылжар аудандық ауруханаға жеткізілді. Кейін бойжеткен санавиация реанимобилімен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың денсаулығына алаңдауға еш негіз жоқ, — дейді облыстық жедел медициналық жәрдем қызметі орталығының директоры Юрий Белоног.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz