Заң еліміздің 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.
Республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толық іске асыруға, өңірлерді дамытуға бағытталған.
Индекстелген зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне 5,4 трлн теңге қарастырылған.
Отбасыларды қолдау үшін бала күтімі мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұл мақсаттарға келесі жылға 93,3 млрд теңге жоспарланған.
Өңірлерді дамытуға республикалық бюджеттен 7 трлн теңгеден артық қаражат қарастырылғанын мәлімдеді. Бұл – жалпы бюджет шығыстарының шамамен 30%.
Экономиканың нақты секторын дамытуға 2,9 трлн теңге бағытталады. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдауға 1,2 трлн теңге бөлінеді. Күш құрылымдарының 2024 жылға арналған шығыстары 2,6 трлн теңгені құрайды.
Айта кетсек, мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.