2024-2026 жылдарға арналған еліміздің республикалық бюджеті бекітілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Заң еліміздің 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.

Республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толық іске асыруға, өңірлерді дамытуға бағытталған.

Индекстелген зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне 5,4 трлн теңге қарастырылған.

Отбасыларды қолдау үшін бала күтімі мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұл мақсаттарға келесі жылға 93,3 млрд теңге жоспарланған.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға, 2,4 трлн теңге бағытталады. Білім беру саласын дамытуға, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға, 1,7 трлн теңге жұмсалады.

Өңірлерді дамытуға республикалық бюджеттен 7 трлн теңгеден артық қаражат қарастырылғанын мәлімдеді. Бұл – жалпы бюджет шығыстарының шамамен 30%.

Экономиканың нақты секторын дамытуға 2,9 трлн теңге бағытталады. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдауға 1,2 трлн теңге бөлінеді. Күш құрылымдарының 2024 жылға арналған шығыстары 2,6 трлн теңгені құрайды.

Айта кетсек, мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz