Италияның Колальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы алтын медальді еншіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Спортты дамыту дирекциясынан мәліметінше, 21 жасқа дейінгілер арасында 1000 метр қашықтыққа жүгіруден солтүстікқазақстандық конькиші жақсы нәтиже көрсетті. Жерлесіміз Инесса Шумекова 1:22.34 уақыт көрсеткішімен чемпион атанды.
Инесса Шумекова конькимен жүгіруден 500 метр қашықтықта да жүлдегер атанды. Бұл сында ол күміс медаль еншіледі.