Облыстық онкология орталығының диспансерлік есебінде 11021 науқас тұр. Биыл қатерлі ісіктің кең тараған түрі асқан обыры 79 тұрғында анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық онкология орталығының мәліметінше, бүгіндері асқазанн обыры анықталған 332 науқас есепке алынса, оның 200-і ер адам және 132-сі әйел.
– Статистикаға сүйенсек, елімізде асқазан обырына шалдыққандардың 2800-нің тек бір мыңға жуығына ғана ота жасалады. Қалғандарына химиялық терапия жасалады. Әрине бұл ауруды анықтаудың бірден-бір жолы – медициналық тексерістен өту. 2012 жылдан бері өңірімізде тұрғындар пилоттық режімде асқазан және өңештің қатерлі ісігін анықтау мақсатында скринингтен өтіп жатыр. Басымдық 50-60 жастағы азаматтарға беріледі.
Атрофиялық гастрит, асқазан полипозы сынды ауруларды емдеу арқылы асқазан обырын алдын-алуға болады, — дейді облыстық онкология орталығының дәрігер-хирургы Азамат Бельбеев.
Белгілі болғандай, асқазан обырынан өткен жылы 55, биыл 41 адам көз жұмды.