Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1141 құқықбұзушылық анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1141 құқық бұзушылық тіркеліп, 874 азамат жауапқа тартылды. Оның 85-не ескерту жасалса, 294-і әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы бірінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Әбілқайыр Қазжанның айтуынша, тәртіп сақшылардың профилактикалық есебінде 2362 азамат тұр.

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73 бабының 1-тармағында көзделген денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген 89 адам жауапқа тартылды. Олардың 22-не ескерту жасалса, 8-і әкімшілік қамаққа алынды. 59 факті бойынша тараптар татуласты. Ал аталмыш Кодекстің 73 бабының 1 тармағында көрсетілген ұрып-соғу фактілері бойынша 3 азамат анықталып, ескерту түрі және қамауға алу сынды жаза түрлері қолданылды.
Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту жасалады немесе 5 тәулікке қамауға алыну жазасы қарастырылған. Ұрып-соққаны үшін – 10 тәулікке, егер осы іс-әрекетін қайталаса – 20 тәулікке қамауға алынады. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін – 15, ал қайталап жасаса – 25 тәулікке қамауға алынады, — дейді Әбілқайыр Қазжан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz