Петропавлдық мұғалім «Үздік педагог – 2023» байқауында жеңімпаз атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы жарияланды. Астана қаласында өткен салтанатты шарада жеңімпаздары анықталды. Олардың қатарында петропавлдық мұғалім де бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл байқаудың аудандық және қалалық кезеңіне 54 мұғалім қатысты. Оның 20-сы облыстық турға өтіп, 3-уі республикалық сынға жолдама алды. Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Петропавл қаласындағы «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицей-интернаты» КММ тарих пәнінің мұғалімі Виктория Бородай жеңімпаз атанды.

Виктория Бородай – 16 жылдық тәжірибесі бар білікті мұғалім. Ол Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығының түлегі. Педагогтың шәкірттері жыл сайын түрлі облыстық және республикалық олимпиадаларға белсенді қатысып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бүгіндері тәжірибелі маманның бірқатар әдістемелік жұмыстары да жарыққа шықты.

Биыл республикалық байқауда 64 жеңімпаз анықталды. Оларға «Үздік педагог» куәлігі мен «Үздік педагог» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы берілді.
«Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы күнге дейін 624 педагог үздік деп танылып, олардың әрқайсысына мемлекеттік қолдау ретінде 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz