Азия ойындары: Ұлттық құрама қоржынына жетінші алтын жүлде түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтын медальді салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 

Қазақ спортшысы 69 кг дейінгі салмақта финалдық жекпе-жекте Сауд-Арабия елінің өкілі Мұхаммед әл Суваидиден соңғы секундта жеңісті жұлып әкетті. Есеп 4-2.

Нұржан жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чо Сон-хённан (Оңтүстік Корея) басым түскен. Оған дейін не-ваза жүйесіндегі айқастарда қазақ спортшысы Рамшед Абдуллоев (Тәжікстан) пен Хаммам Осама Кандилді (Сауд Арабиясы) айқын басымдықпен жеңген.

— Нұржанды осы жеңісімен құттықтаймын! Бүгін көптеген адамдарды таң қалдырды және ерекше қуантты. Жасына қарамастан, біздің спортшымыз керемет шеберлік пен жеңіске деген сенімділік көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін», — деді ҚР Спорт туризм министрі Ермек Маржықпаев.

Осы салмақтағы тағы бір Ұлттық құрама өкілі Алдияр Серік Ноа Лимді (Сингапур) жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Ертеректе 19 жастағы Серік іріктеуде Оңтүстік Корея, Филиппин, Біріккен Араб Әмірлігінің джиу-джитсу шеберінен басым түскен, алайда жартылай финалда тағы бір БАӘ-нің атлеті Мұхаммед әл Суваидиға қосымша көрсеткіш бойынша есе жіберді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz