Қызылжар ауданының 256 шақырым жолы жөнделді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданындағы 7 елді мекеннің ауылішілік жолы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ Шаховское және Рассветке апарар жолдар қалыпқа келтірілді. Бұл туралы аудан әкімі Жанат Сәдуақасов өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданы арқылы өтетін жалпы жолдың ұзындығы 751 шақырымды құрап отыр. Оның 336-сы республикалық, 156-сы облыстық және 256 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар болып табылады.

– 2018 жылы ауданымызда 22 шақырымды құрайтын жол ретке келтірілді. Бүгіндері 44 ауылда 256 шақырымы жөнделді. Келер жылы да бұл жұмыс жалғасын табады. Бескөл, Белое және Налобино елді мекендеріндегі ауылішілік жолдар жөнделмек. Сондай-ақ Сумное мен Вишневкаға апаратын жол да қалыпқа келтіріледі, — дейді Жанат Сәдуақасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz