Жол сапасы көңіл көншітпейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірде күн жылынғалы жол сапасы тексеріліп жатыр. Нәтижесі көңіл көншітпейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының мәліметінше, жол құрылысы маусымы басталғалы мамандар жөнделіп жатқан 13 нысанды ішінара таңдап, қолданылған материалдың және атқарылған жұмыстың сапасын тексерген. Республикалық маңызы бар бұл жолдарға орталық қызметкерлері 44 рет барып, бақылау жүргізген. Нәтижесінде 20 ақау анықталды. Олардың 19-ы бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп, кемшіліктер жойылды. Ал «Петропавл-Жезқазған» А-16 автожолына ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр. Жолдың 905 километрінде  асфальт-бетон жабыны жарылып, ойықтар пайда болған. Бұдан бөлек, қолданылған құрылыс материалдарына 97 сынама алынып, 12 пайызының  талапқа сай еместігі анықталды.

Жалпы ұлттық орталық биыл облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 1 552,4 шақырымына, оның ішінде 235 километр  кепілді учаскеге диагностика жүргізбек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz