Биыл Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға 25 жас маманға баспана алу үшін несие берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мамандарды тұрғын үймен қамту үшін 129,4 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ қырық маманға 13,8 млн. теңге көлемінде көтермеақы қарастырылды.
– Ауылды жерге жұмыс істеуге келетін азаматтар үшін барлық жағдайлар жасалған. Ауданға 65 жас маманға қаржылық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ бюджетте тағы 50 азаматқа көтермеақы беру қарастырылып отыр. Оның мөлшері 17,3 млн. теңгені құрап отыр, – дейді Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Руслан Аңбаев.