Бүгінгі таңда облыста қызылша жұқтырудың 107 фактісі зертханалық жолмен расталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 107 жағдайдың үшеуі Біріккен Араб Әмірлігінен, Ресейден және Қырғызстанның жеткізілді. 104 факті – жергілікті тұрғындардан жұқтырғандар. Жас шамасына келер болсақ, тіркелген деректердің көбі 15 жастан асқан азаматтарда анықталды, яғни 67 адамнан табылды. 14 жасқа дейінгілер арасында жұқпалы дертке 40 тұрғын шалдықты.
– Облыста вакциналардың 6981 дозасы бар. Бүгінгі таңда облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында балалардың 20,5 пайызына екпе қойылды. Оның ішінде 6 айдан 11 айға дейін – 1220 бала, 2 — 4 жаста – 3482 бала, медицина қызметкерлеріне – 351, иммундау барысында 6 қарашадан бастап 327 бала екпе алды, – дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Арман Күшбасов.